21.09.2017
15:39
90

МИНИСТРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің үкіметтік сағатында қазіргі күнде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйеленіп келе жатқанын хабарлады.

«Соңғы жылдары дінге деген қызығушылық әсіресе жастар ортасында артқаны байқалады. Осыған байланысты біздің ведомствода нақты мақсатты жұмыс жоспарлары құрылған. Республика бойынша 306 арнайы мамандандырылған теологиялық және ақпараттық топ жұмыс істейді. Ақпараттық топтардың құрамына 580 имам және 283 теолог, яғни 863 адам діни, теологиялық білімді маман кіреді. Есепке жүгінсек, биылғы жылы 1 миллион 800 адамды қамтыған 17 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған» деп атап өтті Н.Ермекбаев.

Дегенмен, министрдің айтуынша, бұл шаралардың барлығы нәтижелі болып отырған жоқ, осыған байланысты уәкілетті органдар бұл проблемалармен күресіп келеді.