12.10.2017
11:18
77

АЛМАТЫДА МЕШІТТІ «МИНАЛАҒАН» АЗАМАТ СОТТАЛДЫ

Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны мешітте теракт болуы мүмкін деген хабар таратқаны үшін сотқа тартылды.

Аталмыш азаматқа Алматы облысы Талғар аудандық соты шешімімен үкім шығарылды. Іс материалдарына сүйенсек, 39 жасар сотталушы азамат 2017 жылдың 5 наурыз күні мас күйінде 169 анықтамалық бюросына қоңырау шалып, оператордан Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің нөмірін сұраған және бейәдеп сөздер айтқан. Ол өз сөзінде Талғар орталық мешітінде түнгі сағат 00:00-де жарылыс болатынын хабарлаған. Сот терроризм актілері туралы жалған ақпар беру туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша А.есімді азаматты кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Айыпталушы азамат сот залынан күзетпен шығарылды. Сонымен қатар, сотталушы мемлекет қазынасына 300 мың теңге айыппұл өтеуі міндеттелді. Үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, теракті туралы жалған ақпар беру бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі.  

Дереккөз: Kazislam.kz сайты