12.10.2017
12:53
185

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ

Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы "Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде" ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Кездесуге қатысқан ақпаратттық топ мүшелері дін саласында болып жатқан көзқарас қайшылығына байланысты баяндады.

Дәстүрлі дін мен қазақ халқының құндылықтарын теріске шығарудың қателігі айтылып, деструктивті ағымдардың келтірер дәлелсіз уәждеріне түсініктеме берілді. 

Мамандардың түсіндіруінше, шариғатта «мәзһаб» деп арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын айтады. Сондықтан, мәзһаб ұстамаймыз деп адасатындар негізсіз нәрселерге сүйенуде.

Өзге де дін саласында болып жатқан түйткілді мәселелер туралы баяндалған соң, аудитория сауалдарына жауап берілді.