• Басқы бет
14.10.2014
10:54

Тарихы

«Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

-Маңғыстау облысы аумағында діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

-өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

-мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

-азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

-егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

-өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.