Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС
110 Терроризмге
қарсы қызмет телефоны
8(7292)431523 8(7292)317026 8(7292)317027
Экстремизм үшін сотталған қазақстандықтарға дәріс оқылатын болады
Жарияланды: 07.12.2018
Қаралды: 485

Қазақстанда экстремизм үшін сотталғандарға тек имамдар ғана емес, түрме қадағалаушылары да дәріс оқитын болады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде колониялардың барлық қызметкерлері жақын арада теолог мәртебесін алатындығын айтты. Және бұл шаралар, ІІМ басшылығының пікірінше, экстремизммен күресуге мүмкіндік береді.

«Біз оларды Түркістандағы Яссауи Халықаралық университетінде және «Нұр-Мүбарак»университеттерінде оқытып жатырмыз. Бұл курстарды оқытушылар оқу орындарымен бірге дайындады», - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің басқарма бастығы Бекболат Шәкіров.

Қазір елімізде терроризм баптары бойынша мыңға жуық қамаудағылар мерзімдерін өтеп жатыр. ҰҚК-де олардың 85% түрмеден кейін түзелу жолына түседі деп санайды. Ал жұртшылық бұл көрсеткіштің сенімсіздік тудыратындығын айтады. Сарапшылар имамдармен сұхбаттарды және бейнероликтерді қарау арқылы түрмелердегі түзету әдістерін сынға алды. Оларды қадағалау ісі, жалпы қамаудағыларды экстремистік ұйымдарға тартатындар терроризм бабы бойынша сотталғандар емес екендігін көрсетті. Бұл әркімнің, тіпті ұсақ тәртіп бұзушылықтары үшін жазасын өтеп жатқандардың да қолынан келер іс. Бірақ олар көп жағдайда сытылып кетіп жатады.

«Біздің талдау көрсеткендей, бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстар тиімсіз болып табылады. Біз нақты тиімділікті көріп отырған жоқпыз және бұл жұмысты бағалау мен мониторингілеу әдіснамасы жоқ», - дейді Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбилов.

Дереккөз: https://www.zakon.kz/4948834-osuzhdennym-za-ekstremizm-kazahstantsam.html