Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС
110 Терроризмге
қарсы қызмет телефоны
8(7292)431523 8(7292)317026 8(7292)317027
ҰҚК Алматыда лаңкестік жасамақ болған шетелдіктерді ұстады
Жарияланды: 14.01.2019
Қаралды: 679

2019 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдері азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 10 қаңтарында Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында Орта Азиядан келген шетелдік азаматтар ұсталды. Олар Қазақстанда лаңкестік жасамақ болды деп күдіктеліп отыр.

«Олардың уақытша тұрып жатқан жерін тінту барысында қуаттылығы үлкен жарылғыш құралдарды жасайтын заттар, сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер табылып, тәркіленді», – делінеді хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған тұлғалар ДАИШ жауынгерлерінің басшылығымен солардың тапсырмасын орындаған. Олар Алматыда адам көп жүретін жерде қарулы шабуыл жасап, жарылыс құралдарын қолданбақ болған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Дереккөз: https://mangystaumedia.kz/14/69347/