Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС
110 Терроризмге
қарсы қызмет телефоны
8(7292)431523 8(7292)317026 8(7292)317027
Маңғыстауда 2000-ға жуық зейнетақы өтініші рәсімделген
Жарияланды: 01.10.2019
Қаралды: 153
Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынды. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 1963  азаматқа рәсімделген. Жалпы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша  52844 зейнеткер бар.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954,ал ең аз өңір – Атырау облысы, мұнда не бары 1554азамат биыл базалық  зейнетақы ала бастаған.

«Басы аман болса, қартаймайтын, әлбетте зейнеткерлік жасқа жетпейтін адам жоқ. Сол кезде зейнетақы рәсімдеу жұмыстарымен айналысуға тура келеді.Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады»,дейді филиал директоры Ербол Байжігіт.

Айта кетейік,зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.